«ЕО – Қазақстанның ірі әрі аса маңызды инвестициялық және сауда серіктесі. Біз барлық басым бағыттар бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеміз. Үкімет елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы үлестеріңіз бен қызығушылықтарыңызды жоғары бағалайды. Біз өзара тиімді серіктестікті арттыруға бағытталған ұсыныстарды әрқашан да қолдаймыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
🏛️ Саясат
Премьер-Министр ЕО дипмиссия басшыларымен логистикалық ынтымақтастықтың келешегін талқылады
10.07.2024
151
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуропалық Одақтың ҚР-дағы өкілдігінің елшісі Кестутис Янкаускас пен ЕО елдерінің дипломатиялық миссиялары басшыларының қатысуымен «Қазақстан – Еуроодақ» диалогтық платформасының 15-ші отырысы өтті, – деп хабарлайды Ozgeris.info.
Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі ретінде Еуропалық Одақтың үлесіне тартылған инвестицияның 40%-дан астамы және сыртқы сауданың шамамен 30%-ы тиесілі. Диалог платформасының отырысында сауда-экономикалық, инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту әрі нығайту, көлік және логистика саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелері қаралды.
Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) аса перспективалы бағыттардың бірі ретінде дамыту жоспары талқыланды.
Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік хаб ретінде саналатын Қазақстан арқылы тауарлардың 85%-ға жуығы Қытайдан ЕО елдеріне тасымалданады. ТХКБ сауда ағыны үшін барынша ыңғайлы жағдай жасай отырып, бәсекеге аса қабілетті жеткізу мерзімін (12-15 күн) ұсынады.
Кездесуге қатысушылар Орта дәліздің әлеуетін арттыруға қызығушылығын білдірді. «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында «Middle Corridor Multimodal» бірлескен кәсіпорны құрылды. Көлік саласына инвестиция тартудың жаңа перспективаларын ашатын «Global Gateway» еуропалық бастамасының маңызды рөлі де атап өтілді.
ЕО-ның Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас пен Румынияның ҚР-дағы елшісі Мадалина Лупу өз кезегінде Қазақстанда бизнес ахуалды жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берді. Сондай-ақ дипломатиялық миссия басшылары ел экономикасының еуропалық бизнес үшін тұрақтылығы мен тартымдылығын атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша кездесуге қатысушылар стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге шығара отырып, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мен нығайту ниетін растады.
Анықтама: ҚР-ның ЕО елдерімен тауар айналымы 2019-2023 жылдары 36,2%-ға өсіп, $41,4 млрд құрады. Экспорт 5 жылда $24,2 млрд-тан $31 млрд-қа дейін 28,2%-ға өсті. Импорт 67,6%-ға өсті және 2023 жылы $10,4 млрд-ты құрады. 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында $19,9 млрд құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға артық. Өткен жылы ЕО елдері республика экономикасына $10,4 млрд, 2024 жылдың І тоқсанында $2,8 млрд құйды. Негізгі үлесі Нидерланды, Бельгия, Франция, Германия, Италия, Кипр және Люксембургке тиесілі.
-
Құрбан айтта қазақстандықтар қанша күн демалады?07:44, 12 мамыр 2026
-
-
Көкшетаудағы қайғылы оқиға: жүргізушінің куәлігі жоқ болып шықты00:00, 12 мамыр 2026
-
"Құдалыққа дайындалып жүрген": Көлік қаққан көкшетаулық әйелдің жақындары зар жылады17:51, 11 мамыр 2026
-
-
Трамп Иранның жауабын қабылдамады16:59, 11 мамыр 2026
-
-
Антальядағы ажал: Түркияда қазақстандық жас жігіт жол апатынан көз жұмды15:37, 11 мамыр 2026
-
-
Ел тұрғындары Құрбан айтта қалай демалады?14:44, 11 мамыр 2026
-
"Құдалыққа дайындалып жүрген": Көлік қаққан көкшетаулық әйелдің жақындары зар жылады17:51, 11 мамыр 2026
-
-
-
Антальядағы ажал: Түркияда қазақстандық жас жігіт жол апатынан көз жұмды15:37, 11 мамыр 2026
-
"Қатты сағындық": Димаш марқұм Мұхтар Шаханов туралы жазба жариялады (ФОТО)11:17, 11 мамыр 2026
-
-
Ел тұрғындары Құрбан айтта қалай демалады?14:44, 11 мамыр 2026
-
Каспийдің азуында: Ашық теңізге ағып кеткен ер адам құтқарылды09:37, 11 мамыр 2026
-
-
Қазақстан мен Индонезия: $244,7 млн және экономикалық серіктестіктің жаңа көкжиегі14:27, 11 мамыр 2026
-
-
-
-
-
-
-
-
-
"Айырылып қалдым": Айгүл Елшібаева қаралы хабарын айтты16:52, 05 мамыр 2026
-
"QazaqGaz Aimaq" алдындағы берешек: Үкімет электр қуаты бағасының өсуін түсіндірді12:37, 05 мамыр 2026
-
"Жұғысты болсын": Интим видеолары тараған асаба сүйінші сұрады (ВИДЕО)09:30, 16 сәуір 2026
-
-
-
"Дендері сау ма": Эротикалық видеосы тараған асаба халықтан көмек сұрады (ВИДЕО)15:13, 16 сәуір 2026
-
-
-
-
-
"Жылап жібердім": Мөлдір Әуелбекова жаңалығымен көпті қуантты11:35, 15 сәуір 2026
-