Қазақстандық блогер Дастан Мұхамедрақым Францияның Канн қаласында өткен WIBA Travel Awards байқауында «Үздік саяхатшы-блогер 2026» аталымы бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Бұл жаңалықты блогер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Айта кетейік, биыл 25 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Дастан Мұхамедрақымпен кездескен болатын. Кездесу барысында ол негізгі мамандығы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі екенін айтып, шығармашылыққа деген қызығушылығы блогерлікке жол ашқанын жеткізді.
Қазіргі таңда Дастан дрондар мен кәсіби камералардың көмегімен Қазақстан мен өзге елдердің табиғаты, мәдениеті және туристік орындары туралы бейнематериалдар дайындап, әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жариялап жүр. Оның контенті арқылы шетелдік аудитория Қазақстанның табиғи сұлулығы мен туристік мүмкіндіктерімен танысып келеді.
Еске салайық, бұған дейін Францияда өткен 79-шы Канн халықаралық кинофестивалі аяқталған болатын.