Петропавл қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонынан басынан жарақат алған жас жігіт табылды деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл ақпаратты Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Ресми мәлімет бойынша, 6 тамыз күні таңертең қалдықтар полигонында белгісіз жағдайда 23 жастағы жігіт ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда оның жағдайы ауыр деп бағалануда. Жәбірленуші көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылған.
Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Әзірге күдікті ретінде ешкім ұсталған жоқ.
«Қазір тергеу жүріп жатыр. Оқиға жуырда ғана орын алғандықтан, күдіктілерді анықтауға уақыт қажет», – деп хабарлады полиция департаментінен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы пациенттің жағдайына қатысты қосымша ақпаратты кейінірек беруге уәде етті.