Қоғам

Оралда оқушы қатарласын пышақтады

Оралда оқушы қатарласын пышақтады

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы мектептердің бірінде оқушы қатарласын пышақтап тастады, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Оқушылар арасында жеке қарым-қатынас негізінде жанжал туындаған.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"Күдікті — кәмелетке толмаған оқушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылатын болады", - дейді ведомстводағылар.

Сондай-ақ материалдар аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жіберілді.

Қылмыстық істі тергеуді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығы өз бақылауына алған.

Барлық жаңалық