3. Оқушылар мен студенттерге арналған эссе байқауы
Дедлайн: 28 ақпан, 2022
NCH London Essay эссе байқауы – мектеп бітірушілерге және колледж студенттеріне арналған конкурс. Эссені ағылшын тілінде жазып өткізу керек.
Эссе тақырыптары мынадай:
Өнер тарихы: Is it time for museums and galleries to decolonise their collections, and if so, how should they go about it?
Шығармашылық хат: What role can fiction serve when the nature of ‘fact’ is continually called into question?
Тарих: What does history teach us about humanity’s ability to adapt to climate change?
Құқық: What limits, if any, should we place on the right to freedom of expression?
Экономика: How has the COVID-19 pandemic impacted inequalities?
Саясат: How prepared is the international community to address the current environmental crisis?
Философия: How should we (including social media companies and governments) respond to the fact that misinformation (e.g. about coronavirus) can be harmful (and even cost lives) while recognising the value of free expression (including online)?
Ағылшын тілі: Why does the modern world need literary critics?
Психология: How could psychology help in understanding criminal behaviour – does society create criminals?
Деректер туралы ғылым (Data Science): How can Data Science and Humanities inform each other?
Талаптары:
– Қатысушы оқушы не студент білім мекемесінің соңғы жылында оқып жүрген болуы керек. Нақтырақ айтсақ, мектептегі 11 (12) сынып оқушылары, ал колледж болса, соңғы курс студенттері қатыса алады;
– Қатысушы оқушы не студенттің гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарға қызығушылығы зор болуы керек;
– Әлемнің барлық елінен үміткерлер қатыса алады;
– Университет студенттері қатыса алмайды.
Байқауға қатысу үшін мына сайтқа өтіп тіркелесіз: https://www.nchlondon.ac.uk/pre-university-programmes/essay/#page-section-5.Содан кейін өзіңізге ұнаған эссе тақырыбын таңдап, 1500 сөзден тұратын эссені ағылшын тілінде жазасыз.
Эссені essay.competition@nchlondon.ac.ukэлектрондық поштасына жібересіз.
Жүлделер:
Бірінші орын –1000£
Екінші орын – 500£
Үшінші орын – 250£
Сұрақтарыңыз болып жатса, толыққанды ақпарат ресми сайтта жазылған: https://www.nchlondon.ac.uk/pre-university-programmes/essay/
4. Climate Science олимпиадасы
Дедлайн: 10 тамыз, 2022
Climate Science – климаттың өзгеру проблемаларын шешу бойынша әлемдік қайырымдылық мекемесі. Бұл Ұлыбританияда орналасқан. Climate Science бұл олимпиаданы «Қалай істесек тұрақты дамимыз?» деген сұраққа жауап табу үшін ұйымдастырып отыр.
Олимпиада үш кезеңге бөлінген.
1. Іріктеу кезеңі
Екі адамнан тұратын командамен немесе жалғыз өзіңіз де қатыса аласыз. Қатысушылар бұл кезеңде тапсырма ретінде берілген проблемалардың бірін таңдап, соған жауап береді. Айтпақшы, бұл тапсырмалар іріктеу кезеңіне он күн қалғанда алдын ала дайындалып алу үшін ертерек беріледі. Тапсырманы алған соң үміткерге үш сағат беріледі. Сол уақытта олар тапсырмаға эссе түрінде жауап жазады.
2. Жартылай финал
Қатысушылар ішінде ең үздік деп танылғандары әлемдік жартылай финалға жолдама алады. Ол онлайн форматта өтеді. Дегенмен қатысушыларды жартылай финалға дайындалу үшін қоғамдық білім беру бағдарламасына шақырады.
3. Финал
Финал Глазгода (Ұлыбритания) өтеді. Сондай-ақ финалистер Ұлыбританияның Глазго қаласындағы БҰҰ-ның климат жөніндегі саммитіне (COP 26) қатысуға мүмкіндік беріледі. Дегенмен эпидемиологиялық жағдайға байланысты ол онлайн өтуі де мүмкін. Сонымен, үздік шыққан үш команда немесе адамға 10 000 АҚШ доллары көлемінде жүлде қорын беріледі. Нақтырақ айтсақ, 1-орын үшін 5000 доллар, 2-орын үшін 3000 доллар және 3-орын үшін 2000 доллар беріледі.
Талаптары:
– Өтінімдер екі категория бойынша қабылданады: біріншісі – 14–17 жас, екіншісі – 18–25 жас.
– Команданың екі мүшесі де жас категориясы бойынша бір санатта болуы керек.
Айта кетейік, екі категориядағы командалар жас ерекшелігіне қарамастан бірдей тапсырмалар орындайды. Алайда, Climate Science қатысушыларды тек өз жас тобында ғана салыстырады. Содан кейін жартылай финалистер, финалистер одан кейін жеңімпазды анықтау сәтіне келгенде үздіктер қатарында іріктеліп, аз ғана команда қалады. Ең жоғары балл жинаған команда үздік деп танылады.
Қатысуға өтінімді онлайн беруге болады: https://climatescience.ticketleap.com/
Толығырақ ақпарат ресми сайтта жазылған: climatescience.org/olympiad
Дайындаған Қания ТАБЫС
«Ұлан» газеті, №6 15 ақпан 2022 жыл