Шоу-бизнес

«Өмірімнің мәні»: Қайраттың Жұлдызды еркелеткен видеосы желіде тарады (ВИДЕО)

«Өмірімнің мәні»: Қайраттың Жұлдызды еркелеткен видеосы желіде тарады (ВИДЕО)

Әнші Қайрат Нұртас Алматыда өтетін үлкен концертіне дайындық үстінде. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода Қайрат репетиция кезінде ән шырқап, жанында отырған жары Жұлдызға қарап «Өмірімнің мәні» деп еркелеткені байқалады деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Бұған дейін желіде Қайрат пен Жұлдыздың ажырасып кеткені туралы сыбыс тараған болатын. Ұзақ уақыт бойы екеуі бірге көрінбей, желі қолданушылары олардың қарым-қатынасына алаңдаушылық білдірген еді.

 

Алайда Жұлдыздың бесінші сәбиін дүниеге әкеліп, елді қуантқаны және Қайраттың отбасылық видеолар жариялауы бұл күдіктерді сейілтті.

 

Желі қолданушылары ерлі-зайыптылардың жаңа видеосына жылы лебіздерін білдіріп, «Нағыз махаббат», «Бақытты отбасы болыңдар», «Сахна мен өмірде де жарасымды жұп» деген пікірлер қалдырған.

 

Барлық жаңалық