Белгілі абайтанушы Омар Жәлел ұлтқа зиян келтіріп жүргендерге үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Мін айтудың да өз жөні бар. Мін таққан кезде кекетіп, мұқату – қате. Әр үйленбеген жігіт үшін жүрегім ауырады. Өйткені қазақ өспей жатыр. Бір тамағын ит те табады. Нәпсінің жетегінде жүргенде ғұмыр өтіп бара жатыр. Оның солай жүргені қазаққа зиян. Ұлан-ғасыр жеріміз бар, санымыз аз», - дейді ол.