🌐 Әлем

Рим папасы Францисктің өсиеті жайлы құпия деректер жария болды

Доминикан орденінің монахині Лусия Карам марқұм Папа Франциск өз өсиетінде оған арнайы қаржы қалдырғанын айтты. Бұл туралы ол Барселонадағы Órbita B (Betevé) бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді деп жазады Оzgeris.info. Қаражат Украинадағы гуманитарлық миссиялар үшін жедел жәрдем көліктерін сатып алуға бағытталған.

 

Карамның айтуынша, Папа Франциск оған өмірінде бірнеше рет көмектескенін айтты, алайда дәл осындай қолдау көрсетеді деп ойламаған.

 

«Ол маған бір жолын табатынын айтатын, бірақ бұл деңгейде болады деп күтпедім», – деді монахиня.

 

Лусия Карам Украинаға соғыс басталғалы бері 20-дан аса рет барып, алдыңғы шепке медициналық көмек пен эвакуация ұйымдастырумен айналысып келеді. Ол Испанияның Манреса қаласындағы Santa Clara Convent Foundation ұйымын басқарады.

 

Папа Франциск Ресейдің басқыншылығын бірнеше рет айыптағанымен, оның Украина жөніндегі жеке пікірлері кей кездері сынға ұшыраған. 2024 жылы ол Украинаны «батылдық танытып», Ресеймен келіссөз үшін «ақ ту көтеруге» шақырған еді. Бұл сөздері Киевте қатты сыналды.

 

Сұхбат барысында Карам жаңа понтифик – Папа Лео XIV-пен кездесуін де баяндады. Ол бұрын кардинал Роберт Прево болған Лео XIV-ті «сақ, байқағыш, аз сөйлейтін, бірақ сөзін анық жеткізетін» адам деп сипаттады.Оның айтуынша, 2025 жылдың тамызында Папа Леомен Украинадағы миссия туралы бір сағатқа жуық сөйлескен. Бұл уақыт көптеген жоғары шіркеу қызметкерлеріне берілген уақыттан әлдеқайда көп.

 

Лео XIV 2025 жылдың 8 мамырында, Папа Францисктің қазасынан кейін, Рим-католик шіркеуінің басшысы болып сайланған. Оның инаугурациясына Украина президенті Владимир Зеленский қатысып, жаңа Папаны «бейбітшілікке үміт символы» деп атаған.Екі жақтың кездесуі кезінде:Ресейге жөнелтілген украиналық балаларды қайтару, гуманитарлық дағдарыс, бейбітшілікке жету жолдары талқыланған.

 

Папа Лео XIV қызметке кіріскеннен кейін бірнеше рет Украинада «әділ және ұзақ мерзімді бейбітшілік» орнауы қажеттігін айтып, Ватикан келіссөздер өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Украина бұған қолдау білдірсе, Ресей тарабы ұсынысты қабылдамаған.

Барлық жаңалық