МАҢЫЗДЫ

Мамыр айында қазақстандықтар неше күн демалады?

Мамыр айында қазақстандықтар неше күн демалады?
2025 жылы қазақстандықтарды бірнеше мерекелік демалыс күтіп тұр, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Учет.kz порталына сілтеп.

Мамырдағы мерекелік күндер

Күнтізбеде әдеттегі сенбі-жексенбіден бөлек, үш мемлекеттік мейрам белгіленген:
  • 1 мамыр (бейсенбі) – Қазақстан халқының бірлігі күні;
  • 7 мамыр (сәрсенбі) – Отан қорғаушылар күні;
  • 9 мамыр (жұма) – Жеңіс күні.

1 мамырда қалай демаламыз?

Бес күндік жұмыс аптасы:
  • 28, 29, 30 сәуір – жұмыс күндері;
  • 1 мамыр (бейсенбі) – демалыс;
  • 2 мамыр (жұма) – жұмыс күні;
  • 3, 4 мамыр (сенбі-жексенбі) – демалыс.
Алты күндік жұмыс аптасы:
  • 28, 29, 30 сәуір – жұмыс күндері;
  • 1 мамыр – демалыс;
  • 2, 3 мамыр – жұмыс күндері;
  • 4 мамыр – демалыс.

7 және 9 мамырда қалай демаламыз?

Бес күндік жұмыс аптасы:
  • 5, 6 мамыр – жұмыс күндері;
  • 7 мамыр (сәрсенбі) – демалыс;
  • 8 мамыр – жұмыс күні;
  • 9, 10, 11 мамыр (жұма-жексенбі) – демалыс.
Алты күндік жұмыс аптасы:
  • 5, 6 мамыр – жұмыс күндері;
  • 7 мамыр – демалыс;
  • 8 мамыр – жұмыс күні;
  • 9 мамыр – демалыс;
  • 10 мамыр – жұмыс күні;
  • 11 мамыр – демалыс.

Демалыс күндері ауыстырыла ма?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 11 мамыр (жексенбі) күнгі демалысты 8 мамырға (бейсенбі) ауыстыру қарастырылмағанын хабарлады.
Барлық жаңалық