Қаржы мониторинг агенттігі (ҚМА) Жаңабыловтар блогерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлады, деп жазады Ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтемемен
Сенаттағы брифинг кезінде агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов бұл туралы айтқан болатын.Ол мәлімдегендей, іс қылмыстық кодекстің 214-бабының 1-бөлігі бойынша қозғалған. Қазір тергеу жұмыстары басталған, ал іс кеше немесе онан бұрын тіркелген. Қазіргі уақытта блогерлер елде екені белгілі.Елемесовтің сөзінше, бұл іс материалдары соттың апелляциялық қарауынан кейін агенттікке тапсырылған. Сот шешімінде қылмыстық жауапкершілікке жататын белгілер анықталған. Тергеудің нақты мерзімі әзірге белгісіз, бірақ болжам бойынша екі ай ішінде аяқталуы мүмкін.
Сонымен қатар, Елемесов блогерлердің алған сомаларын дәл есептеу әзірге қиын екенін айтты.Айта кетейік, “Just King” лақап атымен танымал басқа блогерге қатысты ҚМА материалдарды уәкілетті органдарға жіберіп, оның алынған және жұмсалған қаражаттарын анықтауға кіріскен.