Жаңалықтар

Жамбылда айыппұлының сомасы көлігінің құнынан асып кеткен жүргізуші ұсталды

Жамбылда айыппұлының сомасы көлігінің құнынан асып кеткен жүргізуші ұсталды
Әкімшілік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты нұсқамаларды тексеру барысында "ВАЗ-21015" маркалы автокөлікті анықтады.
Бұл көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бірнеше мәрте бұзған, сондай-ақ айыппұлдар бойынша берешегі болған. Жалпы айтқанда, жүргізуші көлік құралымен Жамбыл облысының аумағында 91 рет жылдамдық режимін бұзып, оған 2 миллион 726 мың 400 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Барлық жаңалық