Көк базарда шетелдіктермен ағылшынша тілдесіп, әлеуметтік желіде танымал болған Алматы облысы Бесағаш ауылының тұрғыны, 9 сынып оқушысы Нұржол Сатыбалдыға екі білдей білім гранты табысталды. Ерекше сәтке көрермендер жуырда Астанада өткен "Қызық Times" концертінде куә болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Ғаламторда видеоларыңды көріп, тапқырлығыңа, алғырлығыңа, біліміңе қатты риза болдық. Бүгін ата-анаң қуанышқа бөлену үшін осы сыйлықты беруді жөн көрдік. Біріншісі - Қазақ- Америка университетінің атынан саған 4 жылға тегін оқуға грант. Мұнымен біткен жоқ. Өзіміздің грантымыздан бөлек, шетелдік Швейцария университетінің төртжылдық гранты. Бүгін үйіңе бір емес, екі төртжылдық грантымен барасың", - деді Абылай Алатаев.