💰 Экономика

Дипломмен ауылға барғандар ай алмақ

18 тамыздан бастап «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының ережелері өзгереді, деп жазады Ozgeris.info. 

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қол қойған жаңа құжатқа сәйкес, ауылға барып жұмыс істейтін мамандарға берілетін жеңілдетілген ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі бұрынғы 0,01%-дан 1%-ға көтеріледі.

Бағдарлама денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіп салаларының өкілдеріне және ауылдық әкімдіктердің мемлекеттік қызметкерлеріне арналған. Негізгі шарт – маман ауылдық жерде тұрақты жұмыс істеуі және өзі, жұбайы немесе балаларының атына сол өңірде үй тіркелмеуі.

Несие мерзімі бұрынғыдай 15 жылға дейін сақталады. Министрлік мұндай өзгерістер банктер үшін бағдарламаны тұрақты ететінін, ал мамандар үшін қолжетімді ипотека шарты жоғалмайтынын айтады.

Айтпақшы, Ұлытау облысында да қазір 5% жеңілдетілген мөлшерлемемен ипотека беріліп жатыр, бірақ ол тек Сәтбаев қаласының жұмысшы мамандарына арналған.

Барлық жаңалық