Түркиядан Ресейге ұшып бара жатқан «Аэрофлот» әуе компаниясының лайнері Атырау әуежайына шұғыл қонды, деп жазады Ozgeris.info.
Жоспардан тыс қонуға жолаушылардың бірінің денсаулығының кенеттен нашарлауы себеп болған. Ер адамды құтқару мүмкін болмады — ол ұшақ қонғаннан кейін бірден қайтыс болды.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактінің 25 тамызда Атырау станциясындағы көліктегі полиция бөлімінде тіркелгенін хабарлады.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған алғашқы тексеру шаралары жүргізілуде. Өлімнің алдын ала себебі — жедел жүрек жеткіліксіздігі», — деп толықтырды ведомство.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.