Қоғам

Димаштың күйеу баласы әншінің қарындасымен қалай танысқанын айтып берді

Димаштың күйеу баласы әншінің қарындасымен қалай танысқанын айтып берді

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан мен күйеу баласы Ермұхан Аймахан «1001 түн» телебағдарламасында отбасылық өмірі мен алғаш қалай танысқаны жайлы айтып берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бағдарлама барысында Раушан тұрмыс құрғаннан кейін екеуінің де өмірге деген көзқарасы айтарлықтай өзгергенін жеткізді.

«Адам уақыт өте келе түрлі жағдайдан кейін өзгеруі мүмкін. Үйленгеннен кейін қатты байқалды. Әртүрлі жағдайда бір-бірімізді түсіну деңгейіміз дамыды. Көзқарасымыз өзгерді. Мұның бәрі адам болмысы, дүниетанымының өзгеруіне байланысты», – деді Раушан.

Өз кезегінде актер Ермұхан Аймахан болашақ жарымен 2021 жылы алғаш рет кездескенін еске алды. Ол Раушанды театр ұжымымен бірге қала сыртындағы демалысқа шыққан кезде байқаған.

«2018 жылы Алматыға оқуға түстім. 2020 жылы Асхат Маемировтың шақыруымен Астанаға келдім. Астанада Музыкалық жас көрермен деген театрды құрдық. Бірінші маусымды жапқан кезде ұжыммен бірге қала сыртында демалдық. Тимбилдинг кезінде Раушанды көріп қалдым. Раушанның ата-анасы мен Асхат Маемиров 30 жылдан бері дос. Алғаш бір-бірімізді сол жерде көрдік», – деді Ермұхан Аймахан.

Барлық жаңалық