Вашиңтон, DC АҚШ
Жаңалықтар
Биылғы Нобель сыйлығын кім алады?
Биыл да 5 қазан күні 2023 жылғы Нобель әдебиет сыйлығының иегері анықталады. Әлемдік басылымдар бұл туралы алуан түрлі болжамдар жасап жатыр. Бірі алпауыт сыйлықты Муракамиге бергісі келсе,енді бірі оның жолы кесілгенін айтып,өз үміткерлерінің есімін атауда. Бұндай үдерістен қазақ басылымдары да қағыс қалмауы керек екенін ескеріп, біз де өз болжамымызды жазып отырмыз.
ЖЕҢІЛГІСІ КЕЛМЕЙТІН МУРАКАМИ
Бұл Сыйлықты жеңіп алу мүмкіндігі жоғары авторлардан бастайық. Биылғы жылы Нобель майданында жапон мен қытай жазушылары арасында өзгеше бір тартыс болатын сияқты. Мураками мен Сән Шуені айтып отырмын. Дегенмен, әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын болжау қиын екенін ескермеуге тағы болмайды.
18 сарапшыдан тұратын Швед академиясы үміткер авторларды таңдауға аса жауапкершілік танытары сөзсіз.
Әдебиет бойынша Нобель сыйлығына бәс тіккен кезде, сіз елемеуге болмайтын бірден-бір жазушы - Мураками. Ол бірнеше жыл бойы осы сыйлыққа негізгі үміткер болғанымен, мәреге жете алмай қалды. Бұл күнде оның жапондық жақтастары академияның оны тым көп ренжіткенін айтқысы келетіні сөзсіз.
Мураками Нобель сыйлығына лайық па? Ол, әрине, Жапон халқы ғана емес, бүкіл әлем жақсы көретін білікті автор. Мәселе мынада, академия әдетте дүниетаным туралы көп жазған авторға бүйрегін бұратындай сезіледі.
Бұл Мураками үшін тағы да бір жеңілістің кезеңі болуы мүмкін.
СЫНШЫЛАР МОЙЫНДАҒАН СӘН ШУЕ
Ал қытай жазушысы Сән Шуе әдебиет саласындағы Нобель сыйлығына бірнеше рет түскен қаламгер. Ол 2019 жылы қайта ұсынылды, бірақ Питер Хандкеден жеңіліп қалды. Ол жоғары білімді жазушы санатында емес, көп жыл қарапайым жұмысшы болған. «Ескі қалқымалы бұлт» атты алғашқы новелласын 1986 жылы жариялаған ол көп өтпей «Жаңа мыңжылдықтағы махаббат» романын жазды.Шығармаларындағы өршіл және эксперименталды баяндау тәсілі оны тез арада оқырманға танытып,жазу шеберлігін әлемге танымал етті. Шетелдік әдебиет сарапшылары оны стилистикалық жағынан Франц Кафкамен салыстырды. Оның жазуы сонымен қатар Батыс пен Қытай мәдениетінің элементтерін де бір араға тоғыстыратындай.
МҮМКІНДІГІ БАР МУРНАН
2023 жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығына үміткерлердің бірі - Джеральд Мурнан. Бұған дейін аты шықпаған австралиялық жазушы алғашқы кітабын 1974 жылы шығарды,содан бері ол бірнеше романдар мен әңгімелер жинақтарын оқырманға ұсынды. Мурнан бұрын да Нобель сыйлығына ұсынылған, бірақ жолы болмаған. Ол шын мәнінде жеткілікті дәрежеде таныла қоймаған ағылшын тілді жемісті жазушы.
Бірақ сыншылар оны жазу техникасын меңгерген және өз стилімен ерекшеленеді деп бағалауда. Бірақ мұндай алпауыт сыйлықты оның дәл биыл жеңіп алуы қиындау.
ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖОН ФОССЕ
Батыс басылымдары Норг жазушысы Jon Fosse-нің есімін жиі атай бастады. "Сергектік" атты романымен жұртты жалт қаратқан ол биыл 63 жаста. Бұларға да бір Нобель керек сияқты.
Былайша айтқанда, Нобель сыйлығы - бақыт. Ол да қонатын адамға таңдап қонады.
-
ТЭЦ-2 әлі көмірмен жұмыс істеп тұр: Алматыны улап жатқан жүйе кімге тиімді?
00:48, 26 шілде 2025
-
-
Facebook пен Instagram-да енді саясат жарнамаланбайды
18:03, 25 шілде 2025
-
ҚМДБ вейпке қарсы дауға нүкте қойды
18:00, 25 шілде 2025
-
Жарты жылда елімізде 290-нан астам дүкен ашылған
17:49, 25 шілде 2025
-
Tesla кейінгі он жылда болмаған дағдарысқа түсті
17:39, 25 шілде 2025
-
Сотта әнші Жұбаныш Жексенұлына қатысты іс қаралды
17:28, 25 шілде 2025
-
Жемқорлық күдігі: Қызылордадағы шенеунік қызмет бабын асыра пайдаланған
16:59, 25 шілде 2025
-
Kaspi дәрі-дәрмекті 60 минутта жеткізетін қызметті іске қосты
16:19, 25 шілде 2025
-
Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот үкімі шықты
16:06, 25 шілде 2025
-
-
"Тура жолмен жүрмедің": Ақын Иранғайып Жүрсін Ерманға ойындағысын айтты (ВИДЕО)
14:34, 25 шілде 2025
-
«Қырғызша ән айтпаса, неге атақ берілді?»: Димаш хейтерлердің сынына үн қатты
07:43, 25 шілде 2025
-
Мемлекетке миллиард қарызы бар Әбішева туған күнін дүркіретіп атап өтті
11:40, 25 шілде 2025
-
Шерзат ісі: сотталғандардың бірі түрмеден шықты
09:29, 25 шілде 2025
-
Бұрынғы жігіт үшін жанжал: Павлодарда екі әйел салонда төбелесті (ВИДЕО)
15:04, 25 шілде 2025
-
Сотта әнші Жұбаныш Жексенұлына қатысты іс қаралды
17:28, 25 шілде 2025
-
Ақтауда қатты жел бес адамды теңізге алып кетті
10:30, 25 шілде 2025
-
Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот үкімі шықты
16:06, 25 шілде 2025
-
Tik-Tok желісіндегі танымал трендті қайталаған қазақстандықтар жазаланды
07:04, 25 шілде 2025
-
-
-
Жұбаныш Жексенұлы ұлының итальяндық қызға үйленгенін айтты
05:15, 21 шілде 2025
-
-
Суық хабар: Еңбек министрінің отбасында қайғылы жағдай болды
05:45, 24 шілде 2025
-
-
-
-
Суық хабар: Қазаққа белгілі журналист көз жұмды
17:29, 21 шілде 2025
-
"Тек дәреті барлардың қолын ұстайды": Сәкен Майғазиев әріптесі Мөлдір туралы (ВИДЕО)
15:13, 23 шілде 2025
-
Бұлт артынан шыққан күн: Тұрсынбектің әйелі сүйінші сұрады (ВИДЕО)
14:29, 03 шілде 2025
-
Әнші Маржан Арапбаева жол апатына ұшырады (ФОТО)
11:29, 03 шілде 2025
-
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
"Дарынсыз адам": Баян Алагөзова әнші Меруерт Түсіпбаеваны орнына қойды (ВИДЕО)
12:00, 04 шілде 2025
-
"Сахнадан шеттету керек": Уәлибек Әбдірайымовтың басы дауға қалды
09:00, 03 шілде 2025
-
"Ауырып қалмаса болар еді": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратқа алаңдаушылық білдірді
17:13, 02 шілде 2025
-
"Діңкілдеп сөйлегенді көрсетемін": Елдос "Колобок" ашулы жазба жариялады
09:08, 11 шілде 2025
-
"Жақсы баланы бүлдірген әкесі": Төреғалидің сахнадан кетуінің себебі айтылды (ФОТО)
09:00, 04 шілде 2025