Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Әсет Шопанов Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметінен өз еркімен босатылды.
Әсет Шопанов 3 наурызда Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған. Келесі күні, 4 наурызда, ол қызметінен кеткені хабарланды.
Мамандардың айтуынша, 2024 жылдың мамыр айында шенеунікке қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.