Орал қаласындағы қоғамдық орындардың бірінде орын алған келеңсіз жағдай көпшіліктің талқысына түсті. Әжетхана есігін бұзып кірген үш ер адам екі жігіттің ұятты әрекет үстінде болғанына куә болған. Намысқа тырысқан куәгерлердің бірі сол жерде әлгі азаматтарды соққыға жығып, өз наразылығын күш көрсету арқылы білдірді деп хабарлайды ozgeris.info сайты egov.press телеграм арнасына сілтеп.
Орал қаласының тұрғындары қоғамдық орындардың біріндегі әжетхана ішінде екі жас жігіттің «жақындығына» куә болып, жағаларын ұстады. Үш ер адам есікті күштеп ашқан кезде, іштегілердің еш қымсынбастан ұятты іспен айналысып жатқанын көрген. Көрген көрініске төзе алмаған куәгерлердің бірі дереу соққы жұмсап, ашуын тізгіндей алмаған көрінеді.
Айта кетерлігі, мұндай оғаш қылықтар еліміздің өзге өңірлерінде де бой көрсетіп жүр. Жақында ғана Жанкент қаласында дәл осындай сипаттағы әрекеттер жасаған тұлғалар құрықталып, жауапкершілікке тартылған болатын. Бұл жағдайлар қоғамдағы моральдық құндылықтар мен тәртіп мәселесін қайтадан күн тәртібіне шығарып отыр.
Қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты құзырлы органдардың тарапынан қандай шара қолданылатыны белгісіз. Алайда, қоғамдық орындардағы мұндай «ерсі» қылықтар мен оған қатысты жасалған өз бетінше жазалау әрекеттері желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудыруда. Тәртіп сақшылары бұл істің мән-жайын анықтап, тиісті құқықтық баға береді деп күтілуде.