🏛️ Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумында: Жаһандық мәселелер талқыланады

Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумында: Жаһандық мәселелер талқыланады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық аренадағы өзекті мәселелер талқыланатын Анталия дипломатиялық форумына қатысу үшін Түркиядағы NEST конгресс орталығына барды. Мұнда Қазақстан Президенті әлемдік саясаттың бүгіні мен ертеңіне арналған ауқымды панельдік сессияға қатысып, маңызды ой-пікірлерімен бөліседі деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Жиын барысында көшбасшылар «Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» (Ертеңгі күнді айқындау, белгісіздіктерді басқару) тақырыбы аясында пікір алмасып, жаһандық сын-қатерлер мен оларды еңсеру жолдарын ортаға салады. Жоғары деңгейдегі бұл пікірталасқа Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова және Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе қатысып жатыр.

Ал халықаралық маңызы зор бұл сессияның модераторы қызметін Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының мүшесі, тәжірибелі дипломат әрі бұрынғы Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу атқаруда. Аталмыш басқосу мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты арттырып, геосаяси тұрақсыздық жағдайындағы ортақ шешімдерді іздеуге және болашақтың даму бағдарын айқындауға бағытталған. 

Барлық жаңалық