Өз кезегінде ресейлік гроссмейстер мұндағы жалғыз жеңілісінен ұялмайтынын мәлімдеді. «Мен өте жақсы ойнайтын әлем чемпионынан ұтылдым», - деп айтты Карякин ойыннан кейін.
Айта кетейік, бұл жарыстың жүлде қоры 15 миллион рубль. Қазір мұнда әлемдегі ең мықты шахматшылар шеберлік байқасып жатыр. Олардың қатарында Бибісара Асаубаева, Сергей Карякин, Александр Грищук, Теймур Раджабов, Раунаку Садвани, Франсиско Вальехо, Владислав Артемьев, Екатерина Лагно және басқалары бар.
Бір қызығы, қазақстандық гроссмейстер турнирге қатысатынын басталардан екі күн бұрын білген. Бибисара әлем чемпионы Владимир Крамниктің орнын басқан.
Рапид бәсекесі 24-26 қаңтарда өтті. Енді блиц түрінде (28 және 30 қаңтар) Бибисара Асаубаева әлі де өз шеберлігін көрсетеді деп сенеміз.
Спортты дамыту дирекциясы РМҚК