Жаңалықтар

Шерзаттың үйін өртеу бойынша іс қайта қаралатын болды

Шерзаттың үйін өртеу бойынша іс қайта қаралатын болды

Былтыр Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев істің мән-жайын жан-жақты анықтау үшін Ресей Федерациясынан спутник суреттері келуі тиіс екенін, тергеудің соған байланысты кідіргенін түсіндірген болатын. Кейін 2025 жылдың тамыз айында аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарының тоқтатылғаны белгілі болды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Аяғына жеткізілмеген іске байланысты агенттік тағы да сауал жолдап, Алматы облысының прокуратурасына жүгінді.

— Қ.Нұрымовтың үйінде болған өрт дерегі бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында қазіргі уақытта тергеу органы қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Олардың нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады. Аталған қылмыстық іске қатысты өзге де мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды, — делінген облыс прокуроры Берік Адамовтың жауабында.

Сонымен қатар қадағалау органы спутниктік деректердің алынған-алынбағанын және бұл іс бойынша күдіктілердің анықталуын нақтылаған жоқ.

 

Барлық жаңалық