Жаңалықтар

Бейбіт Шүменов 5 жылға сотталуы мүмкін

Бейбіт Шүменов 5 жылға сотталуы мүмкін
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Бейбіт Шүменовты жазаға тартуды сұрады, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы. Ол Шүменовтың іс-әрекеті жәбірленушінің қолында болған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенін ескеріп, Ішкі істер министрлігіне жүгінген. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталған, ол бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Барлық жаңалық