Шоу-бизнес

"Баланы туасыз ба": Жұлдыз Әбдікәрімованың ұлы анасының жүктілігін естіп, жылап қалды

"Баланы туасыз ба": Жұлдыз Әбдікәрімованың ұлы анасының жүктілігін естіп, жылап қалды

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласына жүкті екенін айтып, жанкүйерлерін де, өз баласын да таңғалдырды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Өнер иесі жуырда отбасын тағы бір мүшемен толықтырды. Кішкентай ханшайымға Рәбия-Сұлтан деген әдемі есім берілген еді.Актрисаның айтуынша, қуанышты жаңалықты естіген ортаншы ұлы Нарұл бұл жағдайға бірден үйренісе алмаған.

 

“Баланы туасыз ба? Тағы бір бала қиын болмай ма? Біз сізге көмектесуіміз керек екен. Ертең сіз шаршайсыз ғой…” – деп жылап қалды Нарұл.

 

Бұл сәт желі қолданушыларын да елжіретті. Көпшілік ананың еңбегіне риза болып, Жұлдызға қолдау білдірді.

 

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртас пен Жұлдыздың қызы Алау анасына тосын сұрақ қойып, жұртты күлдірген еді:

 

“Аяғыңыз ауыр ма? Шынымен бе? Кімнен? Әкемнен бе?” – деп сұраған болатын кішкентай Алау.

Барлық жаңалық