Астанада автобус апатқа ұшырап, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Қайғылы оқиға 4 желтоқсанда кешке болған. Алдын ала деректер бойынша, микроавтобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, тоқтап тұрған маршруттық автобусқа соғылған.
"Апат салдарынан микроавтобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Екі зардап шегуші ауруханаға жеткізілді, оларға қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – делінген Астана ПД хабарламасында.
Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр, тергеу жүргізілуде.