— Осы орайда ең қарапайым құрылғыны, алда кездескен кедергілерді анықтайтын құрылғы жасап, тестілеуден өткізу, кері байланыс алу жоспарланды. Құрылғы 2021 жылдың ақпан айында дайын болып, университет деңгейінде таныстырылды. Өз таныстарымыздың арасында осындай ерекшелігі бар адамдардан құрылғы туралы өз ойларын біле бастадық. Сонымен пікірлер мен мәлеметтерді ескере отырып, құрылғының екінші буыны жасақталды. Бұл жолы өзгерту барысында программасына ғана емес, корпус жасауға қолданылатын материалдарға, олардың аллергиялық әсерінің болмауына, көлеміне мән берілді, арнайы датчиктер алынды. Дайын болған құрылғыны тестілеуге зағиптар қоғамынан бір еріктіге ұсындық. Ол екі ай құрылғыны пайдалану барысында кездескен кемшіліктер мен артықшылықтарын бізге жеткізіп отырды. Қазіргі таңда біз бастапқыда ойға алған, яғни тек құрылғы емес, олардың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыратын, сырт көзге білінбейтіндей киім ретінде жасауды қолға алып жатырмыз, — дейді ол.
Қазір Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жас оқытушылары құрылғының үшінші версиясын жасап жатыр. Егер бұл нұсқа мүмкіндігі шектеулі жандардың көңілінен шығып жатса, бұл жоба болашақта үлкен жобаға айналмақ.
"ozgeris.info"