Ақтау қаласының прокуратурасы Маржан Сұлтанғалиеваның өліміне қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы тергеушінің қаулысын бұзып істі қайта тергеуді тапсырды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы заң кеңесшілері палатасының мүшесі әрі жәбірленуші тараптың өкілі Ажар Қартбайдың хабарлауынша қалалық прокуратура істі жан-жақты қарау үшін тергеушілерге бірқатар нақты тапсырма берген.
Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Ақтаудағы пәтерлердің бірінен бойжеткеннің өлі денесі табылып, полиция оны суицид деп мәлімдеген еді. Алайда марқұмның туыстары қыздың өз еркімен өмірмен қоштасқанына сенбейтінін және оның анасы медициналық сараптамалар кешіктіріліп көптеген сұраққа жауап берілместен істің асығыс жабылғанын айтқан болатын.