🌐 Әлем

Трамп пен тілшілер жиналған кеште оқ атылды

Трамп пен тілшілер жиналған кеште оқ атылды

Вашингтонда Дональд Трамп пен Ақ үй тілшілерінің кешкі асында белгісіз біреу оқ жаудырып, жиналған жұрт шұғыл қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Оқиға саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері дәстүрлі түрде бас қосатын Washington Hilton қонақүйінде болған. Жүздеген танымал журналист пен жұлдыз президенттің сөзін күтіп отырған сәтте белгісіз адам 5-8 рет оқ атқан.

Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ, банкет залындағы жұрт бірден далаға шығарылды.

«Вашингтонда ерекше кеш болды. Құпия қызмет пен құқық қорғау органдары жылдам әрі батыл жұмыс істеді. Оқ атқан адам ұсталды, мен іс-шараны жалғастыруды ұсындым. Құқық қорғау органдарының шешіміне толық сенім артамын. Қалай болғанда да, кеш жоспарланғандай өтпеді, оны қайта өткізуге тура келеді», – деп жазды Трамп өзінің парақшасында.

Барлық жаңалық