«Үкімет пен әкімдер инвестиция тарту жұмыстарын айтарлықтай күшейтуі керек. Біз барлық экономикалық саясатты экономиканы әртараптандыруға, индустриялизация мен инвестиция тартуға бағындыруға тиіспіз... Салықтық жеңілдіктерді негізінен қосылған құны жоғары өндіріске инвестиция тартуға және жоғары технологиялық экспортты ынталандыруға қайта бағыттау керек», - деді Президент.«Ақ жол» партиясы осы мәселелерге қатысты Мемлекет басшысының алаңдаушылығын назарға алады. «Бүгінде Қазақстан қоғамға жұмыс істеп тұрған зауыттардың орнына әдемі таныстырылымдар ұсынатын «слайд экономикасы» мен де-индустриялизацияның тұйық шеңберіне түсті. Ал, мемлекетке нақты өндірістер мен оларды дамытатын адамдар керек. Аталған тапсырмаларды ескере отырып, біз тағы да «Ақ жол» фракциясы талай рет көтерген инвестицияларды тартуға қажетті серпін бере алатын ұсыныстарды қарастыруды ұсынамыз. Мәселен, 2015 жылы бизнес Кәсіпкерлік кодекске «инвестициялық субсидия» сияқты қолдау түрін енгізуге қол жеткізді - кәсіпорын жобалық қуатына жетіп, инвестиция көлемі 30 миллион доллардан асқан (5 миллион АЕК) кезде инвестицияланған қаражаттың 30% дейін инвесторға қайтарылатын. Осындай қатаң талаптарға қарамастан, бірқатар кәсіпорындар бұл шарттарды орындады, бірақ мемлекеттік органдар өздерінің заңды міндеттерін орындаудың орнына алдымен жалаң жауап қайтарумен шектелсе, кейін бұл ережені шығыны көп деген желеумен толығымен жойып тастады. Алданған инвесторлардың өтініші бойынша «Ақ жол» фракциясы 2017-18 жылдары үкіметке заң нормаларын орындауды талап етіп бірқатар өтініштер жолдағанымен, нәтиже болмады. Дегенмен, бұл құрал сәтті қолданылып, халықаралық тәжірибеде инвестиция тарту факторы ретінде қызмет етіп жатыр. «Ақ жол» фракциясы инвестициялық субсидияларын, бюджет шығынын болдырмау үшін (үкімет осыған қарсылық білдірген) инвестицияның 30 пайызын бюджеттен траншпен емес, салықтар мен басқа да бизнес міндеттемелерін есепке алу арқылы қайтаруды ұсынады. Бұл жағдайда бюджет кірістерінің «түсімі» болмайды, өйткені бұл инвестициялар бүгінде жоқ. Ал, бұл артықшылық олардың пайда болуына және жаңа өндірістерді, жаңа технологиялар мен жұмыс ашуға нақты ынталандырады. Сонымен қатар, біз өндіруші сектордың неғұрлым икемді сегменті ретінде орта бизнесті қолдау басымдығы туралы президенттің ұстанымын толығымен қолдаймыз. Сондықтан біз бұл ережені орта бизнеске қолдануды ұсынып, инвестициялық субсидиялаудың инвестициялық шегін 3 миллион долларға (400 мың АЕК) дейін төмендетуді ұсынамыз. Келесі. Халықаралық тәжірибеде тиімді жеңілдіктер өндіріске қайта инвестициялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға) бөлінген пайдаға салықтан босатуды да қамтиды. 2021 жылы Үкімет Салық кодексіне мұндай жеңілдікті енгізді, бірақ инвестициясының көлемі 15 миллион доллардан (2 миллион АЕК) асуы міндетті шарт болып табылатын «инвестициялық басым жобаны жүзеге асыратын» кәсіпорындар үшін ғана. Сондықтан, осы уақытқа дейін мұндай инвестициялық келісімшарттарды санаулылар ғана жасасқан. Бұл арада экономикаға жеке алпауыттар емес, жаппай индустрияландыру қажет, бұл орта бизнессіз мүмкін емес. Оған қоса, инвестицияларды ынталандыру (демек, компаниялардың негізгі қорларын ұлғайту) орта бизнестің ірі компанияларға біртіндеп «айналуының» нақты құралы бола алады. Осы мақсатта «Ақ жол» фракциясы негізгі көзге (ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар) қайта инвестицияланатын табысты, шекті мәнін 3 миллион долларға (400 мың АЕК) дейін төмендете отырып ҰТС босату туралы норманы орта бизнеске де қолдануды ұсынады. Мұндай шешім нақты айналымдарды көлеңкеден шығаруға мүмкіндік береді және бизнесті бөлшектеудің орнына (салықтарды оңтайландыру мақсатында) оларды технологиялық дамуға және кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын кеңейтуге бағыттайды. Біздің фракция инвестицияларды қолдау бойынша осы және басқа да бастамаларды ұдайы көтергенімен, әрдайым Үкіметтің түсінбеушілігіне тап болған. Инвесторлар сенімінің ең маңызды шарты – мемлекеттік органдармен қарым-қатынас өз алдына бөлек мәселе. Өкінішке орай, инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларда соттар көбінесе заңды емес, «бюджет мүддесін» басшылыққа ала отырып шешім қабылдайды. Мұны бақылаушы органдардың шенеуніктері «мемлекет мүддесі» кез келген іскерлік дәлелдерден асып түсетініне сенімді бола отырып, қисынсыз бұзушылықтарды ойлап тауып, кеңінен қолданады. Осының негізінде қосымша салықтарды есептеу мен табысты кәсіпорындарды банкроттыққа мақсатты түрде жеткізу; бизнесті рейдерлік жолмен тартып алу және өз есебін түгендеу кең етек алды. «Ақ жол» демпартиясының поштасы осындай мысалдарға толы. Ал ашық дереккөздерде әкімдердің инвесторлардан бизнестегі үлесті қалай талап еткені, т.б. хабарламалар кездеседі. Кеше президент Қ.Тоқаевтың да әрбір елеулі инвестициялық жобаға прокуратура қызметкерлерін белгілеуді тапсырғаны бекер емес. Инвесторларды қорғау – салық жинаудан немесе шенеуніктің «абыройынан» кем емес мемлекеттік міндет екенін соттар мен мемлекеттік органдар әлдеқашан түсінуі керек еді. Біз Бас прокуратурадан инвесторлардың заңды мүдделеріне араласып, қорғауды, сондай-ақ табысты инвестициялық жобаларды қасақана жойып жатқан лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды талап етеміз. Тек осы жағдайда ғана біздің елдегі бизнеске және инвестициялық ахуалға қысым жасауға жол берілмейтіндігі туралы солардың мысалы негізінде басқаларға ескертпе болады», - делінген толық депутаттық сауал мәтінінде.
Жаңалықтар
«Ақ жол» партиясы инвестицияларды қолдауды және қорғауды талап етеді
21.04.2023
86
-
Әскердегі сарбазға несие берілмейді17:47, 19 қаңтар 2026
-
Теңіз кен орнында мұнай өндіру тоқтап қалды17:25, 19 қаңтар 2026
-
"Қорғаным болмаса тұңғиыққа кетемін": Дариға Бадықованың жазбасы қызу талқыға түсті17:22, 19 қаңтар 2026
-
-
"Кенже балаңа асықтың ба?": Әнші Qanay қара жамылды15:54, 19 қаңтар 2026
-
4 секундта-ақ жер шарындағы жылдық табысты кім табады?15:47, 19 қаңтар 2026
-
"Кішкентай махаббатым": Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші қызға ән арнады (ВИДЕО)15:21, 19 қаңтар 2026
-
СҚО-да бір тәулікте екі өрт шығып, ер адам мен бала мерт болды14:50, 19 қаңтар 2026
-
Әуезов атындағы Оңтүстік университеті 20 миллион теңгеге кресло алған14:45, 19 қаңтар 2026
-
Конституциялық реформа: Тоқаев жұмыс тобымен бірге негізгі тәсілдерді талқылады12:43, 19 қаңтар 2026
-
"Қыдырәлінің құлағына алтын сырға": Қарақат Әбілдина күйеуіне қолқа салды (ВИДЕО)12:22, 19 қаңтар 2026
-
Қызбен сүйісемін деп тілінен айрылып қалған жігіт туралы сұмдық хабар тарады04:00, 19 қаңтар 2026
-
"Әйел ұратын еркек — еркек емес": Маржан Арапбаеваны әріптестері жаппай қолдауда (ВИДЕО)10:19, 19 қаңтар 2026
-
"Кенже балаңа асықтың ба?": Әнші Qanay қара жамылды15:54, 19 қаңтар 2026
-
-
"Исламда жоқ": Рүстем Жүгінісов шоқынамын деп сынға ұшырады (ВИДЕО)10:24, 19 қаңтар 2026
-
«Бала көтере алмайсың деді»: Танымал блогер жан сырын ақтарды02:00, 19 қаңтар 2026
-
«Жылу батареясына байлап қойған»: Жетісу облысында жас ана баласын аяусыз ұрған06:00, 19 қаңтар 2026
-
Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді09:47, 19 қаңтар 2026
-
"Кішкентай махаббатым": Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші қызға ән арнады (ВИДЕО)15:21, 19 қаңтар 2026
-
"Жарқын жүзін сағындым": Асанәлі Әшімовтің жары жан тебірентер жазба жариялады (ВИДЕО)15:30, 13 қаңтар 2026
-
"Қимаймын, амал қанша": Гүлзира Айдарбекова отбасындағы қаралы хабарды жеткізді (ФОТО)16:18, 16 қаңтар 2026
-
«Аяғы ауыр сияқты»: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың видеосы желіні шулатты (ВИДЕО)17:25, 16 қаңтар 2026
-
"Қаншама күнә жинады": Сара Назарбаеваға қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)17:12, 14 қаңтар 2026
-
-
-
-
-
"Бірнеше адам жауапқа тартылды": Қабатовтың тоқалына тіл тигізгендердің жағдайы қиын09:56, 14 қаңтар 2026
-
-
"Асқар тауым құлады": Асанәлі Әшімовтің әйелі дауыс шығарып жоқтау айтты (ВИДЕО)10:09, 24 желтоқсан 2025
-
"Тірегім болмадың, пенделігіңді көрдім": Тұңғышбай Жаманқұлов Асанәлі Әшімов туралы14:53, 22 желтоқсан 2025
-
«Жаныңыз жәннатта болсын»: Димаш Құдайберген қаралы хабар айтты22:52, 28 желтоқсан 2025
-
"Жеңгемнен қаралы хабар келді": Азамат Сатыбалды Асанәлі Әшімовтің қазасы туралы (ВИДЕО)09:52, 23 желтоқсан 2025
-
Сәкен Майғазиев Асанәлі Әшімовтің жерлеуіне барамын деп сынға қалды (ВИДЕО)10:01, 25 желтоқсан 2025
-
«Доғарайық қатындар»: Мөлдір Анарбаева тойбастарға берілетін ақ орамалдар мен мата туралы07:04, 24 желтоқсан 2025
-
"Жарқын жүзін сағындым": Асанәлі Әшімовтің жары жан тебірентер жазба жариялады (ВИДЕО)15:30, 13 қаңтар 2026
-
"Еркектік мысы басым": Асанәлі Әшімовтің әйеліне айтқан соңғы сөзі тарады (ВИДЕО)10:15, 30 желтоқсан 2025
-
“Тұрсынбек арбаға таңылды, ауру” - Қабатовтың тоқалы09:22, 04 қаңтар 2026
-
«Ұл бала дүниеге келді»: Баян Алагөзоваға қатысты сүйінші хабар шықты15:00, 04 қаңтар 2026