Қоғам

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовқа ота жасалды: спортшының жағдайы қалай

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовқа ота жасалды: спортшының жағдайы қалай

Елдос Сметовтің денесіне жара шығып, сол жараны ота жасатып алып тастаған. Бұл туралы оның досы әрі командаласы Ғұсман Қырғызбаев айтты, деп жазады 1bol.kz.

Басылымның хабарлауынша, Ғұсман Қырғызбаев оның жағдайы жақсы екенін хабарлаған.

"Елдос Сметовтің жағдайын әлеуметтік желіден көрдім. Жақында ол Тараз қаласында шағын ота жасатты. Кеше ғана хабарласып, жағдайын сұрадым. Ауыр жарақат емес. Денесіне бір жара шыққан екен, соны кесіп алып тастаған. Қазір Елдостың жағдайы жақсы", - деді Ғұсман Қырғызбаев.

Сондай-ақ Ғұсман Қырғызбаевтың айтуынша, Елдос Сметов 2026 жылдың жаз айларында татамиге қайта оралуы мүмкін.

"Елдос Сметовтің татамиге оралуын жанкүйерлер асыға күтіп жүр. Қазір ол денсаулығын қалпына келтіріп, бабына келумен айналысып жатыр. Елдос осы жылдың жаз айларынан бастап жарыстарға қатысуы мүмкін. Бірақ нақты қай жарыс екенін білмеймін", - деді Қырғызбаев.

Айта кетейік, Елдос Сметов 2024 жылғы Париж Олимпиадасы өткеннен бері шамамен екі жылға жуық уақыт бойы жарыстарға қатысқан жоқ.

Барлық жаңалық