Қоғам

«Қайғыға қуану дұрыс емес»: Жанәбіловтер әулетінің келіні үндеу жасады

«Қайғыға қуану дұрыс емес»: Жанәбіловтер әулетінің келіні үндеу жасады

Жанәбіловтер әулетінің кіші келіні Айханым Әлиханқызы отбасы бастан кешіп отырған жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында туыстарының тезірек қиындықтан өтуін тілейтінін жеткізген.

«Қазіргі болып жатқан жағдайға отбасымызбен алаңдап жүрміз. Алла жеңілдігін беріп, барлығы тез шешіліп кетсе екен деп тілейміз. Қайын ағам мен абысынымның бастарына түскен сынақтан еш сүрінбей өтсін деп дұға етеміз», – деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол көпшілікті бір-біріне қолдау көрсетуге шақырып, өзгенің қайғысына бейжай қарамауға үндеді.

«Біреудің қайғысына қуанып жатқандар да бар екен. Ондай сәтте әркім өз басына да сондай сынақ келуі мүмкін екенін ұмытпаса екен. Сондықтан бір-бірімізге тек жақсылық тілеп, қолдау көрсетейік», – деді Айханым Әлиханқызы.

Барлық жаңалық