Шоу-бизнес

"Сен кім едің сонша?": Айгүл Иманбаева мақтанамын деп елдің ашуына тиді (ВИДЕО)

"Сен кім едің сонша?": Айгүл Иманбаева мақтанамын деп елдің ашуына тиді (ВИДЕО)

Танымал әнші Айгүл Иманбаева Меккеде өзінің басынан өткен оқиғасымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол кіші қажылыққа ұстазымен бірге барған. Алайда сапардан соң ұстазы әншіден бірнеше рет кешірім сұраған.

"4 жыл бұрын анам Меккеге барғым келеді деді. Бірінші өзім дайындалдым. Меккеге Ғұмыр ұстазбен бардық. Он күн кіші қажылықтан келгеннен кейін ұстазым менен кешірім сұрады. "Айгүл, сіз мені кешіріңізші. Мен сізді тек әртістік қалыпыңызбен қабылдағаным үшін мен сізден кешірім сұраймын деді. Неге деп сұрадым. Мен сізді біраз қырсыға ма деп ойладым. Көпшілікпен жүрмеймін, жеке көлік керек, қонақ үйдегі бөлмеменен Қағба көрініп тұрсын деп айта ма деп ойладым. Менің тәжірбиемде ондай өткен еді. Сіз соны жасамадыңыз, соған мен таң қалдым деді. Ал мен арбадағы анамды сүйреп жүрдім. Ал мен ол кісіден кешірім сұрадым", - деді әнші.

Ал көпшілік әншінің бұл мәлімдемесін өзін асыра мақтау деп қабылдап, сынап тастады.

"Өзіңе көп алмашы", "Өзін мақтай береді екен", "Сен кім едің сонша? Көптің бірісің", "Жарнаманы жақсы жасайды екенсіз", - деп жазды оқырмандар.

Барлық жаңалық