Жаңалықтар
Аманқарағай ауылында тұратын студенттерге ҚазАТУ ұжымы 1 млн теңгеден көмек берді
Елордалық С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұжымы Қостанай облысында орын алған қиын жағдайдан қалыс қалмады. Ата-анасы отбасы Қостанай облысының Әулиекөл ауданында тұратын ҚазАТУ-лық бес студенттің әрқайсысына 1 миллион теңгеден материалдық көмек көрсетіп отыр.
– Оқыс жағдай ешкімге айтып келмесі анық. Қиындыққа тап болған адамға көмектесуге, оған қолдау көрсетуге ұмтылу – адамгершілік іс. Біздің ұжымның өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету туралы үндеуіне жедел үн қосқанына қуанып отырмыз, – деді басқарма төрағасының орынбасары – ректор Айтжан Әбдіров.
Қаржыны университет ұжымы ерікті түрде жинады. Өрт салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге өз үлестерін қосуға ниет білдіргендердің барлығы бір күндік жалақыларын ҚазАТУ "Даму" қорына аударды. Жиналған қаражат 5 студентке теңдей үлестірілді.
– Ата-анасы өрттен зардап шеккен өңірде тұратын студенттерімізге атаулы көмек көрсету туралы шешім ұжымдық түрде қабылданды, – дейді университеттің "Даму" қорының директоры, техникалық факультет деканы Ержан Ахметов.
-Бүгін біз студенттеріміздің ата-аналарының банк картасына 1 миллион теңгеден қаражат аудардық. Олардың әрқайсысы ақшаға өз қалауы бойынша иелік ете алады. Жапа шеккендерге көмектесу үшін ұжымның шын жүректен жинаған қаражаты елеулі қолдау болатынын түсініп отырмыз, – деді Ержан Ахметов.
Айта кететін тағы бір жәйіт, ҚазАТУ-да қиын жағдайда қалғандарға атаулы көмек көрсету дәстүрге айналып келе жатыр. Ұжым бір кездері Арыстағы жарылыстар, Алматы облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге қомақты көлемде қаржылай қолдау көрсеткен. Енді студенттеріміздің отбасына көмек қолын созып отыр.
Аталмыш білім ордасының студенттері, Оспанова Дарина, Нұрлұмбаев Мақсат, Меңдіханов Қаныбек, Меңдіханов Думан және Жанысбеков Арыстан Қостанайдың Аманқарағай ауылынан келіп білім алып жатыр. Бұл студенттердің барлығы да грант негізінде білім алушылар. Қазіргі таңда олар студенттік жатақханаларға орналасқан. Өздерінің жеке өмірлеріне еш алаңдамайды.
-Осындай қолдау көрсеткен университет оқытушылары мен бүкіл ұжымға алғысымыз шексіз. Бұл ата-аналарымыз үшін баға жетпес көмек. Әрине, олар университеттің қиын сәтте бізге қалай көмектесіп жатқанын білгенде қатты қуанды. ҚазАТУ ұжымы жинаған қаражатты ата-аналарымыз біздің ары қарай дамып, білім алуымызға жұмсайды деп ойлаймын. Мысалы кейбіріміз оқуға ноутбук және басқа да пайдалы заттарды сатып алуды ойлап жүрміз, – деді Агрономия факультетінің 2 курс студенті Мақсат Нұрлұмбаев.
Айта кету керек, «Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру» факультетінің оқытушылары бұл акциядан бөлек, факультет атынан қаржы жинап, Аманқарағай ауылының тұрғыны 1 курс студенті Қаныбек Меңдіхановтың жеке шотына аударғандықтарын жеткізді.
-
Жұмабек Жанықұлов Динара Сәтжанды ерекше құттықтады (ФОТО)
11:32, 28 маусым 2025
-
Ақмолада жас ананың өлімі тіркелді: қайғылы оқиғаға депрессия себеп болуы мүмкін
09:08, 28 маусым 2025
-
-
Білім емес, бизнес: Қазақстанда жалған дипломдар нарығы өршіп тұр
22:29, 27 маусым 2025
-
-
«Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғамбек ажырасу себебін айтты
17:25, 27 маусым 2025
-
Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты
15:19, 27 маусым 2025
-
Назарбаев Университеті студентінің қазасына қатысты министр пікір білдірді
15:10, 27 маусым 2025
-
"Алтынайдың қыздарынан аумайды": Айгүл Иманбаева немересін көпшілікке көрсетті (ВИДЕО)
14:20, 27 маусым 2025
-
2025 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері өсуі мүмкін – министр Жақыпова
12:18, 27 маусым 2025
-
"Алтынайдың қыздарынан аумайды": Айгүл Иманбаева немересін көпшілікке көрсетті (ВИДЕО)
14:20, 27 маусым 2025
-
-
-
Білім емес, бизнес: Қазақстанда жалған дипломдар нарығы өршіп тұр
22:29, 27 маусым 2025
-
Назарбаев Университеті студентінің қазасына қатысты министр пікір білдірді
15:10, 27 маусым 2025
-
Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты
15:19, 27 маусым 2025
-
«Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғамбек ажырасу себебін айтты
17:25, 27 маусым 2025
-
Қазақстандықтар рубльден жаппай бас тартып жатыр
16:34, 27 маусым 2025
-
Несие тарихын қалай тексеруге болады?
16:44, 27 маусым 2025
-
Ақмолада жас ананың өлімі тіркелді: қайғылы оқиғаға депрессия себеп болуы мүмкін
09:08, 28 маусым 2025
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
Айсәуле Бақытбек ауыр қайғыдан кейін жан сырын бөлісті
16:59, 25 маусым 2025
-
"Иіскегім келеді": Филармония директоры әншіні сотқа беретінін айтты (ВИДЕО)
11:20, 24 маусым 2025
-
"Аузы жаман, аяғы лас": Наркенже Серікбаева сынға ұшырады
09:56, 25 маусым 2025
-
-
Елдос Сметов пышаққа түсті
15:17, 23 маусым 2025
-
«Басына ота жасатқан»: Тұрсынбек Қабатовтың денсаулығы туралы ақпарат шықты
07:49, 27 маусым 2025
-
Ішімдік көп ішетін өңірлер қандай?
13:09, 25 маусым 2025
-
Мемлекет басшысы ауыл полицейлерінің еңбек өтілін 1,5 жыл деп есептеуді ұсынды
16:41, 23 маусым 2025
-
Қазақстанда банктер ипотекалық несие беруді тоқтатқаны рас па?
20:57, 11 маусым 2025
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
Нарық кімнің қолында? Монополияны билік өзі жасап, өзі жойып жатыр ма?
16:48, 05 маусым 2025
-