Қоғам

Алматыда такси жүргізушісі шытырман оқиғаға тап болды

Алматыда такси жүргізушісі шытырман оқиғаға тап болды

Алматыда шетелдік такси жүргізушісінің кезекті сапары күтпеген жерден шытырман оқиғалы фильмге айналды. Алдымен жолаушы оған "тапанша" кезеп сес көрсетсе, кейін іске полиция араласып, оқиға жол апатымен аяқталды. Полиция жолдағы оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, Солтүстік айналма жолында патрульдік қызмет атқару кезінде тәртіп сақшыларына KIA маркалы автокөлік келіп тоқтаған. Көлік тізгінінде отырған шетел азаматы шығып, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.

"Ол көліктің артқы орындығында отырған жолаушы тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, Алматы облысындағы елді мекендердің біріне апаруды талап еткенін айтты", - деп хабарлады полиция.

Тәртіп сақшылары дереу әрекет етіп, автокөлікті қоршауға алып, күдіктіні ұстады. Тексеру барысында оның қолындағы зат ойыншық тапанша екені белгілі болды.

Барлық жаңалық