Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ халқының кеңпейілдігі мен өнер адамдарына көрсететін құрметі туралы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Өнер иесі қазақтың ұлылығы байлығында емес, жүрегінің кеңдігінде екенін атап өтті.
«Қазақтың пейіліндей пейіл жоқ шығар, сірә. Қазақтың ұлылығы байлығында емес, жүрегінің кеңдігінде. Сол кең пейілдің арқасында барлық өнер адамы шалқып өмір сүріп жүр. Өйткені қазақ халқы өнерді де, өнер иесін де әрдайым төбесіне көтерген», – деп жазды әнші.
Сондай-ақ Мөлдір Әуелбекова халқына ризашылығын білдіріп, олардың алдында басын иетінін жеткізді.
«Осындай кең жүректі, мейірімді, жомарт халқым барда біз әрдайым баймыз. Бар жақсылығын үнсіз жасайтын халқымның алдында басымды иемін. Сіздерге ән арнаудан ешқашан жалықпаймын», – деді ол.
Жазба соңында әнші оқырмандарына алғыс айтып, «Рақмет саған, халқым» деп түйіндеді.