Қоғам

Алматыда ер адам 13 жастағы қызды өзімен бірге ертіп кету үшін ақша ұсынған

Алматыда ер адам 13 жастағы қызды өзімен бірге ертіп кету үшін ақша ұсынған
Алматыда ер адам 13 жастағы қызды өзімен бірге ертіп кету үшін оған ақша ұсынған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
 
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
 
Қыз бала бұл ұсыныстан бас тартқан кезде ол 100 мың теңге беремін деген, кейіннен соманы 300 мың теңгеге дейін көтерген.
 
Алматы қаласы полиция департаменті жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ер адам ұсталғанын хабарлады.
 
"Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Желідегі мәлімет бойынша оқиға Алматыдағы №50 мектептің маңындағы аялдамада болған.
 
Барлық жаңалық