Шоу-бизнес

"Үлкен ұрыс-керіс болады": Баян Мақсатқызы "Кешью" тобына қатысты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

"Үлкен ұрыс-керіс болады": Баян Мақсатқызы "Кешью" тобына қатысты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Продюсер Баян Мақсатқызы "Кешью" тобына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Ол "Кешью" тобының 20 жылдығына орай деректі фильм түсіру үстінде екенін айтты.

"20 жыл деген екі жыл емес. Бұл үлкен өмір, бай тарих. Біздің көрсетеріміз бен айтарымыз, үйретеріміз бен үйренеріміз бар. Жақында көрерменге деректі фильм жол тартады. Оның арты ұрыс-керіс болуы да мүмкін. Өйткені мен біздің шындықты айтқанымызды қаладым. Біз қыздардан қандай жолды жүріп өткендері туралы шындықты сұрадық. Деректі фильмде мен де төбе көрсетемін. Қызық болады деп ойлаймын", - деді Баян Алагөзова.

Барлық жаңалық