Алматы қаласының Бостандық ауданында автобус қатысқан жаппай жол-көлік оқиғасы тіркелді. Полицияның мәліметінше, Foton маркалы автобустың жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Манас көшесінің батыс жағында қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, алда келе жатқан бес автокөлікпен соқтығысқан деп хабарлады ozgeris.info сайты KazTAG порталына сілтеп.
Жол апаты 13 наурыз күні сағат 15:20 шамасында болған.
Оқиға салдарынан бір адам зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінген.
Қазір Алматы қалалық полиция департаментінің Бостандық аудандық басқармасы апаттың мән-жайын анықтап жатыр.