Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында күтпеген жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Өнер иесі өзінің жекесіне жігіттер түрлі хаттар жолдайтынын жасырмады.
"Осындай хат келді, қалай түсінуге болады? Шынында да маған желіде, ер-азаматтар көп жазады.
…Бірақ советтік система миыма әбден сіңген, мүлдем осы желі арқылы танысып көрмеппін.
Әйтпесе, баяғыда бақытты ғұмыр кешіп немесе 2-3 рет ажырасып үлгерер ме едім?! Мереке қарсаңызда мынандай хат келді.
Сонда бұл менен ақша дәметіп отыр ма? Бұл хатты қалай түсінесіз? Мен болсам осы жасқа келіп тұрмыс құрсам — мені асырап, сақтап, аялап жақсы көретін еркекті қалар едім", - деп жазды әнші.