Танымал әнші Жазира Байырбеова ұлы Қазыбектің үйлену тойына дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Ол тойға небәрі 15 күннің қалғанын айтты.
"Үйлену тойына 15-ақ күн қалыпты. 15 күн қалғанда біз дайындыққа кірісіп жатырмыыз. Ең қиыны кіммен кімді отырғызамын? деген сұрақ екен. Тізімді жазып қойдым. Дұрыс отырғыздым ба, мүмкін басқа жаққа отырғызармын? деген сияқты. Кім қалып кетті? Кімді шақырмадық? деп жүрмін. Егер тойға шақырылмай қалып кеткендеріңіз болса, үйге келіннің қолынан шай ішіп кетуге шақырамыз. Ең бастысы ешкімді ренжітпей тойымызды жақсылап өткізсек деген арманым бар", - деді әнші.
Көпшілік оған тек сабыр тілеп, тойдың жақсы өтуіне тілек білдірді.
"Алла қаласа жақсы өтеді әрине бірінші той болған соң уайымдайсыңдар ғой.Біз тілекші адамдармыз", "Той берген оңай емес. Той біткен соң басталады жыр. Біткен іске сыншы көп", "Тойды өзіңнің қалағаныңдай етіп өткізуіңе тілектеспін,келінің адалынан болсын,балаларың бақытты болсын!", "Басқа проблема жоқ па?", деп жазды оқырмандар.