Жаңалықтар

11 көлік ойнатқан блогерлерге қатысты іс сотта қаралуда

11 көлік ойнатқан блогерлерге қатысты іс сотта қаралуда

Астанада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегеноваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды деп жазды ozgeris.info сайты orda.kz порталына сілтеп.

Істі Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әділбек Баймаханов қарап жатыр.

Сот отырысы басталғаннан кейін ерлі-зайыпты блогерлер сот залында олардың жүзін жариялауға тыйым салуды сұрады. Судья бұл өтінішті қанағаттандырды. Соған қарамастан сот процесі ашық форматта өтетін болды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, 2025 жылы блогерлер әлеуметтік желілерде жүлде ойнатулар ұйымдастырып, сондай-ақ түрлі оқыту курстарын сатқан.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, оларға:

  • заңсыз кәсіпкерлік қызмет жүргізу;

  • қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру айыптары тағылып отыр.

Егер кінәсі дәлелденсе, блогерлерге екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Айта кетейік, бұл жағдай 2025 жылдың тамыз айында блогер Ерболат Жанабылов Instagram желісінде 11 автокөлік ойнататынын жариялағаннан кейін қоғам назарын аударған.

Барлық жаңалық