Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, Ақтөбе облысында жүк автокөліктерін жалған құжаттар арқылы заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengri Auto сайтына сілтеме жасап.
Тергеу барысында белгілі болғандай, топ мүшелері жалған сатып алу-сату келісімшарттарын және қолдан жасалған тексеру актілерін пайдаланып, «Автопоиск» ақпараттық базасына шындыққа сәйкес келмейтін деректер енгізіп отырған.
Осы тәсіл арқылы Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында 77 жүк көлігі — соның ішінде седельді тартқыштар — заңсыз түрде бастапқы тіркеуден өткен. Бұл тіркеу әрекеттері салықтық талаптарды айналып өтіп жүзеге асырылған.
Мемлекетке келген шығынның алдын ала мөлшері 740 миллион теңгеден асып отыр — бұл сома тіркеу алымдарының төленбеуінен туындаған.
Қазіргі уақытта қылмыстық істің ұйымдастырушылары қамауға алынып, тергеу изоляторына жеткізілді.
Іске қатысты тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды (ҚР ҚПК 201-бабы негізінде).