💰 Экономика

11,5 трлн теңге инвестиция салынған

11,5 трлн теңге инвестиция салынған

Биылғы қаңтар–тамызда негізгі капиталға 11,5 трлн теңге инвестиция салынып, өткен жылмен салыстырғанда 14,3 пайыз өсім тіркелді. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдеді, деп жазады Ozgeris.info.

Ең жоғары өсім қаржы және сақтандыру қызметінде (204,1%), білім саласында (192,8%), өңдеуші өнеркәсіпте (134,3%), ауыл шаруашылығында (129,1%) байқалды.

Тәуелсіздік жылдарында елге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 465 млрд долларға жетті. 2025 жылдың бірінші тоқсанында олардың көлемі 6,6 млрд долларды құрап, былтырғы кезеңнен 6,2 пайызға көп болды.

Барлық жаңалық