Бахрейннің Манама қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирі аяқталды, деп хабарлайды Оzgeris.info.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды.
ҚР ҰОК мәліметінше, U11 жас санатында қыздар арасындағы жекелей сында Адель Вебер күміс жүлдеге ие болды. Ал U19 жас санатындағы аралас жұптық сайыста қазақстандық спортшылар Қадырғали Қабдылуахитов пен Нұрислам Қасым қола жүлде алды.
Қабдылуахитов жарыста У Ин Сюаньмен (Қытайлық Тайбэй) бірге өнер көрсетсе, Қасым Пэе Ю-Ханмен (Қытайлық Тайбэй) бірге ойнады.
Айта кетейік, UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі жетінші турында бүгін қазақстандық «Қайрат» (Алматы) елордада Бельгияның «Брюгге» (Брюссель) командасымен кездеседі.