МАҢЫЗДЫ

Кентаулық оқушы ҰБТ-да ең жоғары балл жинады

Кентаулық талапкер Айдос Қожанов Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, еліміз бойынша ең жоғары балл жинады, деп хабарлады Түркістан облысының әкімдігі. Жігіт 138 балл жинай алды - бұл көрсеткіш әзірге ел бойынша ең жоғары (ең жоғары балл - 140 - ред.). Айдос 10 жыл Юрий Гагарин атындағы № 16 мектеп-лицейде оқыды, 11 сыныпта «Грант» мектебіне көшті. Жас жігіт болашақта математика мұғалімі болғысы келеді.
Барлық жаңалық