Соңғы уақытта айыппұлдар мәселесі қоғамда жиі талқыланатын тақырыпқа айналды. Тіпті «Штрафстан» деген неологизм де пайда болды. Бұл мысқыл халықтың айыппұлдарға деген көзқарасын білдіреді. Қоғам әділетсіз және қазынаны толтыруға арналған айыппұлдардың тізіміне наразылық білдіріп отыр.
Қоғамның екінші бөлігі айыппұлдарды тәртіп пен заңның қажетті құралы санайды. Яғни қауіпсіздік пен заңның орындалуын қадағалаудың тиімді жолы.
Өкінішке орай басым көпшіліктің пікірінше, әкімшілік жазалар жүйесі өзінің негізгі мақсатынан тайып кеткен. Ол тек бюджетті толтырудың әдісі ретінде қабылданып отыр. Бұған жол беруге болмайды дейді мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.
Сарапшының ойынша, мемлекеттік органдар бұл мысқылдың қауіпті екенін есте ұстағаны дұрыс. Себебі «штрафстан» ұғымы әкімшілік жауапкершілік институтына деген сенімге нұсқан келтіреді.
Бұл ретте мәжіліс депутаты келесідей шешімдерді ұсынды.
Біріншіден, айыппұлдардың мақсаты жазалау емес - профилактика.
Айыппұл – бұл бүкіл әлемде құқық бұзушылықтың алдын алу және әділеттілікті қалпына келтіру үшін қолданылатын құрал. Барлығы оның тәртіп, заңдылық және профилактика үшін қолданылатынын түсінеді. Алайда жаза ақылға қонымды болуы керек. Айыппұл салынса, ол қазынаны толтыру үшін емес, мәселені шешуге бағытталуы керек.
Қазіргі таңда ақылға қонымсыз және көптеген сұрақ тудыратын мысалдарға тоқталайық.
Мектептерге салынатын айыппұлдар
Үш ауысымда жұмыс істейтін мектептерге, жабдықтары жетіспейтін немесе жөнделмеген мекемелерге айыппұл салынады. Алайда, мектеп директоры қаржыландырудың жетіспеушілігі немесе әкімдіктің мектептермен қамтамасыз етпеуінен туындаған мәселелерден зардап шекпеуі тиіс. Бұл ретте айыппұлдар әр директорға 600-900 мың теңгені құрайды.
Ақылы автотұрақтар
Тұрақтың құны – 100 теңгені құрайды, ал оны төлемегені үшін айыппұл көлемі 200 есе көп.
Көлікті қыздырғаны үшін айыппұл
Тұрғын үй алаңдарында автокөлікті 5 минуттан артық жылытқаны үшін әкімшілік жаза шамамен 20 жыл бұрын енгізілді. Германияның мысалын және экологиялық аспект туралы айта беруге болады. Бірақ климаттық және басқа да аспектілерді ескеріп, тәсілдерді саралау қажет.
Жоғарыдағы мысалдардан байқайтынымыз, салынатын айыппұлдардың жазаға сай келмеуі. Бұл жүйеге деген сенімді бұзады. Айыппұлдар бюджеттің негізгі кіріс көзіне айналған кезде, олардың мақсаты тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуден қаржылық пайда табуға ауысады.
Мысалы өңірлердегі тұрғындар айыппұлдарың шамадан тыс мөлшеріне шағымдана бастады. Бұл шара заңсыздықтың алдын алу емес, бюджетті толтырудың қаржылық құралы деген сезімді тудырып отыр. Сонымен қатар жазалар көбінесе субъектінің нақты кінәсін және бұзушылықтың ауырлығын талдаусыз қолданылады.
Айыппұл жүйесі әділ және тиімді болуы үшін оны қайта қарау қажет. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов келесідей ұсыныстарымен бөлісті.
Біріншіден, айыппұлдардың мөлшері ақылға қонымды болуы керек және бұзушылықтың ауырлығын ескеру маңызды.
- Мектептерменбасқа да субъектілердіңмәселелерідиректорларменжағдайғанақтыәсер ете алмайтынадамдарға айыппұлдар салу арқылы емес, қаржыландыруғажауаптыоргандардеңгейіндешешілуікерек.
- Кішігірім құқық бұзушылықтар,автотұрақтарсияқты, орташаайыппұлдарменсараланғантәсілдіқажет етеді.
Екіншіден, кейбір жағдайларда айыппұлдар оқу шараларымен біріктірілуі керек.
- Құқық бұзушылар ақпаратпен толық танысатын курстардан өтуіне болады.
- Құқық бұзушылар қалпына келтіру жобаларына және қоғамдық жұмыстарға қатыса алады.
Үшіншіден, айыппұлдардан түскен ақшаның бір бөлігі туындаған нақты мәселелерді шешуге бағытталуы керек. Бұл ақша тек онкологиялық ауруларды емдеу немесе мектеп салу сияқты маңызды мақсаттарға кетті деген көзбояушылық керек емес. Адамдар айыппұлдардың қайда кеткеніне күмән келтірмей, қоғамның игілігі үшін жұмсалғанын көруі керек.
Төртіншіден, әкімшілік айыппұлдар қазынаны толтыру құралына айналмауы маңызды. Әрине, айыппұл төлеу ешкімге ұнамайды, дегенмен бұл шара құқық бұзушылықтың және кінәлілерді жазалаудың таптырмас құралы. Алайда, "штрафстан" неологизмі әкімшілік жазалар институтына қауіп төндіреді. Шаралар әрқашан құқықбұзушылыққа сай және әділ болып қалуы үшін тепе-теңдікті сақтау маңызды.
Айта кетейік, 2024 жылы 14 миллионнан аса адам әкімшілік жауапқа тартылған. Ал қазақстандықтарға салынған айыппұл мөлшері 300 млрд теңгеден жоғары. Бұл ел тарихында бұрын соңды болмаған рекорд көрсеткіш. Айыппұл мөлшері бес жылда 4 есе артқан.