«Канистр табылды»: Шерзат Болаттың жақында өртенген үйі туралы тың дерек шықты

Фото: freepik

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов Шерзат Болаттың үйінен шыққан өртке қатысты жаңа ақпараттарды мәлім етті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Оның отбасы тұрған үйдегі өрттің себебін белсенді түрде зерттеп жатырмыз. Өрт болған жерде маңызды дәлелдер жиналып, 600-ден аса адам сұралды. Оқиға қалай болғанын анықтау үшін бірнеше сараптама тағайындалды. Мамандар өрттің үйдің сыртынан басталғанын, оқыс жағдай болмағанын және сыртқы от көзін қолданылғанын алғашқы қорытынды ретінде шығарды. Оқиға орнынан табылған канистр мен резеңке қолғаптарға зерттеулер жүргізіліп жатыр. Шығын көлемі де анықталып жатыр, — деді Берік Адамов.

Брифинг барысында анықталғандай, өртке қатысты күдіктілер әлі анықталған жоқ.

Еске салсақ, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Кейін марқұмның отбасы тұратын үйді өртеп жіберді.

АҚПАРАТ TURKYSTAN.KZ САЙТЫНАН АЛЫНҒАН