FlyArystan әуекомпаниясы Астана-Шымкент ұшағының бортында жарақат алған тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының шағымы туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
«Бортсеріктер жолаушыға майлық мен суық қаңылтырлы бөтелкені ұсынды. Содан кейін, процедураға сәйкес, бортта медициналық білімі бар жолаушыларды іздеу туралы хабарланды және әуе кемесінің командиріне хабар беріп, дәрігер шақыруы сұралды.
Осы мезетте медициналық білімі бар жолаушылардың бірі жауап берді, сонымен қатар ұшақ баспалдағы жалғанып, қонудан кейінгі тиісті процедураларын аяқтағаннан кейін бортсеріктер әуежай қызметкерлеріне болған жай туралы жедел хабарлап, білікті медициналық қызметкерлерді сұрады. Алайда, ұшақтан түсіру кезінде жолаушы дәрігерлерді күтпестен борттан шығып кетті», — деп хабарлады компания.
Ләйла Сұлтанқызының айтуынша, бортта дәрілік заттар тұрмақ, мұз да болмаған.
«Айта кететін жайт, экипаж тарапынан бортта алғашқы медициналық көмек қобдишасы жоқ екендігі туралы ақпарат болған жоқ. Сондай-ақ біздің ұшақтың бортында белгіленген стандарттарға сәйкес жабдықталған алғашқы медициналық көмек қобдишасының 3 түрі бар екенін еске салғымыз келеді. Жолаушы Ләйлә Сұлтанқызынан шынайы кешірім сұраймыз және тезірек сауығып кетуін тілейміз. FlyArystan борттағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады, өйткені біздің басты құндылығымыз м – жолаушыларымыздың қауіпсіздігі», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
ПІКІР ЖАЗУ