Өзінің ұзату тойында әкесіне көлік мінгізген астаналық блогер желіні шулатты, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Желіде әкесіне қымбат кроссовер сыйлаған қыздың видеосы тарады. Кейіннен бейтаныс арудың TikTok жұлдызы екені белгілі болды.
«Осы күнге дейін тапқан табысымды ата-анама бердім. Бірақ әкеме көп сыйлық жасамаппын. Сол үшін оған Hyundai Tucson көлігі. Барлығыңызды далаға шақырамын», — деп әкесін құшақтаған қыз жылап жібереді.
Кейіннен тойға жиналған қауым көлікті көруге жаппай есік алдына шығады. Той иесін құттықтап, оған көрімдік беріп жатқандар да табылды.
Осы тұста желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі қыздың еңбекқорлығына тамсанса, енді бірі барлығы көзбояу деп жарыса жазды.
«Осындай көзбояушылықтың не керегі бар? Міндетті түрде тойда беру керек пе?», «Әртіссіңдер ғой, әкесі де актер екен. Көлік сыйлап көп ақша тауып отырған қызын кім тұррмысқа береді?», «Көре алмасаңдар үндемеңдер», «Жаным, жарайсың», «Қыздар үнемі ата-анасын ойлап жүреді», «Бізге де нәсіп етсін», «Көбі жасай алмағанды жасадың», — деп жазды оқырмандары.
Бүгінде видео түрлі парақшаларда тарап, бірнеше миллион қаралым мен мыңдаған пікір жинап үлгерді.
ПІКІР ЖАЗУ