Жаңалықтар

Хасан Қасымбаевтың ұсталуы: полиция күтпеген мәлімдеме жасады

Алматы облысы полиция департаментінің өкілдері Хасан Қасымбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды ozgeris.info. ПД мәліметінше, Қасымбаев 2 қарашада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол азамат А-ны ұрлап, денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген. Оқиға 2021 жылдың маусымында болған.
"Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілді", - дейді ПД өкілдері.
Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

Барлық жаңалық