Ерлан Көкеевтің жоғалған гитарасы: Air Astana пікір білдірді

Көкеев
Фото: әлеуметтік желіден алынған

Қазақстандық музыкант Ерлан Көкеев әлеуметтік желіде Air Astana гитарасын жоғалтып алғанын айтты. Air Astana жоғалған гитараға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Air Astana баспасөз қызметі мәліметінше, әуекомпанияның жоғалған жүкті іздеу қызметінің мамандары Ерлан Көкеевтің шағымы бойынша іздеу жүргізген.

«Тексеріс нәтижесінде әуежайда қызметкерлер Ерлан Көкеевке гитараны ұшаққа өзімен алып кіруді ұсынғаны анықталды. Алайда жолаушы затын жүк бөлігіне жіберуді және гитараға «әйнек» белгісін жабысытыруды сұраған. Әуеуомпания құжаттарына назар салсақ, 25 маусымда Өскемен-Алматы бағытындағы КС302 рейсіне бір ғана гитара тиелген. Камера жазбалары да бұл ақпаратқа дәлел», — делінген хабарламада.

Жазбадан ұшақ қонғаннан кейін гитара Алматы әуежайына түсіріліп, осы рейс жолаушыларының басқа да жүктерімен жүк қайтару жолағына қойылғаны көрінеді.

«Осы ұшақтан түскен қызыл бас киім киген жолаушы Ерлан Көкеевтің гитарасын жүк жолағынан алған. Әуекомпания қызыл бас киім киген жолаушыдан Ерлан Көкеевке гитарсын қайтаруды сұрайды. Болмаса Ерлан Көкеевке жолаушыны анықтап, жоғалған затын іздеп табу үшін құқық қорғау органдарына хабарласуын сұраймыз. Air Astana өз кезегінде полиция жұмысына жәрдем көрсетіп, видеокамера жазбаларымен қамтамасыз етеді», — делінген түсініктемеде.